Бішкекте қақтығыс басталды
Бішкекте қақтығыс басталды
Қақтығыс экс-президент Алмазбек Атамбаев пен Қырғызстанның экс-премьер-министрі Омурбек Бабановтың жақтастары митингі өтіп жатқан Бішкектегі Ала-Тоо орталық алаңында басталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Наразылық білдірушілер таяқ пен пластикалық бөтелкелер қолданған, сондай-ақ атысқа ұқсас дауыстар естілді.
24.kg хабарлауынша, төбелесті саясаткер Садыр Жапаровтың жақтастары ұйымдастырған. Жапаровты Жогорку Кенештің (парламенттің) жекелеген депутаттары премьер-министр лауазымына ұсынған.
Желіде Алмазбек Атамбаев отыруы мүмкін көлікке қарудан оқ атқан сәттер, сондай-ақ жараланған адамдардың видеолары пайда болды.
https://youtu.be/vGk9YmdLLgM