Абайдың портретін асфальтқа сумен салған жігіт жұртты таңқалдырды
Абайдың портретін асфальтқа сумен салған жігіт жұртты таңқалдырды
Алматылық Джохар есімді суретші Абай Құнанбайұлының суретін асфальтқа салды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ZTB-ға сілтеме жасап.
Суретші бұл туындысын Абайдың 175 жылдығына арнап жасағанын айтып өтті.
Джохар ақынның бейнесін 3 сағатта салып шықты. Ол туындыны салу үшін бор мен су ғана пайдаланған. Бормен суреттің сызбасын салған болса, ал сумен суретті бояған деуге болады.
Туынды авторы Абайдың бейнесін салу үшін 18 литр су пайдаланған.
Джохардың айтуынша, суретті бормен сызу қиындық тудырған. Себебі ол көлемі 10х18 алып портрет еді. Су тез кеуіп кететіндіктен, суретшіге біршама қиындық тудырған. Алайда Джохар портретті 3 сағатта толық салып үлгерді. Оның айтуынша, 1,5 сағаттан кейін ақынның суреті асфальт бетінен кете бастапты.
https://youtu.be/jcA5Pp2O-Yk