Головкин мен DAZN келісімі сынға ұшырады

19 Наурыз, 2019 476 0

NewsROOM+. Супер орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Калеб Труакс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшартын ақылға қонымсыз деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен оның үш жылдық келісімшарт жасасқанына таң қаламын. Оның жасы 36-да, сол себепті мұндай келісім шынымен де таңғаларлық қой. DAZN-ның да мұндай ұзақ мерзімге келісімшарт жасағаны қызық екен", - деді Труакс Express.co.uk-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшарты үш жылға арналған. Бұл мерзімде ол әр жыл сайын екеуден - барлығы алты жекпе-жек өткізеді.

Алғашқы кездесу маусымда болады, алайда қарсыласының есімі мен жекпе-жек уақыты әзірге жарияланған жоқ.


Тегтер: головкин, шарт, DAZN, бокс, спорт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.