Шенеуніктердің блогер әйелдері сыйлық ала алмайтын болды
Шенеуніктердің блогер әйелдері сыйлық ала алмайтын болды
Қандай жағдайларда қазақстандық шенеуніктердің блогер әйелдері сыйлық алғаны үшін жазаланатыны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда кей мемлекеттік қызметшілердің әйелдері әлеуметтік желілерде белсенді блог жүргізеді. Бұл дегеніміз, олар демеушілерден сыйлықтар немесе тауарларды жарнамалағаны үшін ақша алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қабылданған жаңа заңға байланысты ерлі-зайыптылар абай болуы керек екенін түсіндірді.
"Күйеуінің қызметіне байланысты болмаса, әйелі сыйлықтар ала алады, бірақ сыйлық берушінің пайдасына себеп-салдарлық байланыс анықталса, онда ол жазаланады. Яғни, демеуші мен мемлекеттік қызметкердің қызметінде байланыс болмауы керегін ескеру қажет", - деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері құны 2 АЕК-ден кем сыйлық алғаны үшін шенеуніктің туыстарына 600 АЕК әкімшілік айыппұл салына алатынын атап өтті. Ал сыйлық қымбатырақ болса, онда бұл қылмыстық жауапкершілік.
Еске салайық, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Оған сәйкес шенеуніктерге енді сыйлық сыйлауға болмайды.