Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр Кубатбек Бороновты отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жерден көрші елдің үкіметінің толықтай отставкаға кеткенін көруге болады.
Жарлық бойынша, премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері Қырғызстан үкіметінің жаңа құрамы анықталғанаға дейін бұрынығы міндеттерін атқарады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Қырғызстан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар Кубатбек Бороновтың отставкаға кетуге өзі өтініш білдіргені де айтылды.