Жаңалықтар

20 жастағы танымал блогер TikTok-қа видео түсіру барысында қайтыс болды

20 жастағы танымал блогер TikTok-қа видео түсіру барысында қайтыс болды

 width= Мексикалық блогер TikTok-қа қосымшасына бейнежазба түсіру кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Жазатайым оқиға 3 қазан күні орын алған. Түсірілім сценарийі бойынша, Арелин есімді азаматшаның қолын байлап, көзін матап тастаған.  width= "Әлеуметтік желілерде тараған видеоға үңілсек, оқиға орнында басқа да адамдар болған. Қару кезенген екі жігіт Арелинге бағыттайды. Оқыста тапанша атылады", – деп хабарлайды The Sun. Алайда түсірілімге неліктен шынайы тапаншаны қолданғаны әлі де тергеліп жатыр. Шетелдік БАҚ беттері абайсызда болған оқиға деп жарыса жазуда.
"Жастар қаруда оқ жоқ деп ойлаған болуы керек", – деді Чиуауа қаласының бас прокуроры Сезар Аугусто Пениче Эспехель.
Ең сорақысы, оқ атқан жігіттер оқиға орнынан дереу ізін суытқан. Байлаулы бойжеткеннің мәйіті кейін табылды. 20 жастағы Арелин Мартинестің жерлеу рәсімі 5 қазанда өтті. Бойжеткен Instagram парақшасында соңғы рет: "Уақыт тоқтамайды, мен де" деген жазба қалдырған.