Ресейге құны 1,8 млн теңгелік самаурындарды әкетпек болған азамат шекарада ұсталды

19 Наурыз, 2019 527 0

NewsROOM+. Ақтөбе облысында құжатсыз самаурындарды Ресейге алып өтпеген қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.

Шекара қызметінің мәліметінше, самаурындардың жалпы құны 1 миллион 845 мың теңгені құрайды.

«Ақтөбе шекара жасағына қарасты Жайсаң бөлімшесінде «ВАНХОЛ» автокөлігін мінген 35 жастағы қазақстандық ұсталды. Оның автокөлігінен ешқандай ілеспе құжаты жоқ самаурындар табылды. Түсті металл сынықтары ретінде әкетіліп бара жатқан самаурындардың жалпы салмағы - 861 килограмм» делінген хабарламада.
    

Тегтер: ресей, самаурын, шекара, қазақстан, ақтөбе

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.