Алматы орталық ауруханасының бас дәрігері пара алды деген күдікпен ұсталды

19 Наурыз, 2019 506 0

NewsROOM+. Алматы орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Тұрдалин 2 айға қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оған ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі негізінде айып тағылды. Лауазымды шенеунік аса ірі көлемде пара алды деп күдікке ілініп отыр. Қамау мерзімі 13 наурыздан бастап есептеледі», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен. 

Нұрлан Тұрдалин 5 іргелі медициналық мекемеде басшылық қызметтер атқарған. 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап «Алматы орталық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бас дәрігер қызметін атқарып келді. 

Айта кету керек, жақында қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновқа қатысты іс қозғалған болатын. Оған лауазымды тұлғаларға  25 мың АҚШ доллары көлемінде пара берді деген айып тағылып отыр. 

 Қазір қалалық денсаулық сақтау басқармасын Қанат Төсекбаев басқарып отыр.  



Тегтер: алматы, дәрігер, пара

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.