Полтаранин өзіне тағылған айыптан кейін Қазақстанға мүлдем келмеді

19 Наурыз, 2019 1066 0


NewsROOM+. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің басындағы дауға қатысты жағдайдың қандай болып жатқанын айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Одан аустриялық полиция жауап алды. Бәлкім, ол материалдарды WADA-ға жөнелтілген де шығар. WADA әлі де тергеу жүргізіп жатыр. Тергеудің қашанға дейін жалғасатынын білмейміз. Оны сайыстарға спортшы ретінде қатысу мүмкіндігі тоқтатылып отыр. Біз әлі де күтіп отырмыз», - деді Серік Сәпиев.

Оның айтуынша, тергеу амалдары ұзаққа созылып кететін болса, министрлік нақты шешімнің қашан жарияланатыны жайлы сұрақпен WADA-ға шығатын болады.

Айта кетейік, Полторанин мен оның бапкері әлі күнге дейін келіп, жағдайға байланысты түсінік бермеген. Алексей әзірге Мәскеуде жүр және кездесуден бас тартқан.

«Мәдениет және спорт министрлігі айыппұл санкцияларын енгізуді ойластырып жатқан жоқ. Қазіргі уақытта қандай да бір айыппұл немесе қайтарым, әкімшілік тәркілеу қарастырылмаған. Жуырда антидопингтік ереже бойынша заң күшіне енеді. Оның Мәскеуде жатып алып ешкіммен байланысқа шықпауға құқығы жоқ», - деді. 

Министр (Арыстанбек Мұхамедиұлы - авт.) Полтораниннің ресми мәлімдеме жасайтынын айтқан еді. Десе де, әлі спортшы үнсіз қалып отыр.

«Біз адамды мәжбүрлей алмаймыз. Келіп, баспасөз мәслихатында жағдайды түсіндірер деп ойладық. Әзірге күтіп отырмыз. Менің ойымша, ол бәрібір келіп, жағдайды түсіндіреді», - деді Сәпиев.



Тегтер: полтаранин, шаңғышы, спорт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.