«Коронавирустың таралуына Қытай кінәлі»: Трамп тағы шулы үндеу жасады
NewsRoom
«Коронавирустың таралуына Қытай кінәлі»: Трамп тағы шулы үндеу жасады
Дональд Трамп Қытай мемлекеті коронавирус инфекциясы таралғаны үшін жауап беретінін айтты. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
"Бұл сіздердің кінәларыңыз емес, бұған Қытай кінәлі. Қытай біздің елге және әлемге жасаған ісі үшін жауап береді", – деді Трамп Twitter-де жариялаған үндеуінде.
Қытай коронавирус індетінің таралуына байланысты өздеріне деген АҚШ-тың айыптауларын жоққа шығарып отыр.
Сонымен қатар Трамп АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаның қараша айында, яғни президент сайлауынан кейін шығатынын айтты және ол бұған саясатты кінәлады.