Голландияның Утрехт қаласында белгісіз біреу трамвайға оқ атты

18 Наурыз, 2019 505 0

NewsROOM+. 18 наурызда Голландияның Утрехт қаласында белгісіз біреу трамвайға оқ атқан. Полицияның дерегінше, бірнеше адам жараланған. Шабуыл жасаған адам әлі ұсталған жоқ деп жазады Азаттық.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 10.45-те (Астана уақытымен - 15.45) 24oktoberplein трамвай аялдамасында болған. Полиция «оқиға теракт болуы мүмкін» деп күдіктенеді. Бірақ ел билігі әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем көлігі мен полиция машинасы келген. Аймақтағы мектептер жабылды. Полиция тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берген. Елдің терроризмге қарсы координаторы жедел жиналыс өткізіп жатыр.

Тегтер: голландия, оқиға, теракт, трамвай

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.