Психологиялық тест: Суреттен бірінші нені көрдіңіз?
Психологиялық тест: Суреттен бірінші нені көрдіңіз?
1. Арыстандар отбасы. Егер сізге бірінші болып бірге жатқан арыстандар көрінсе қазіргі басты проблемаңыз тұрмыстық стресс деген сөз. Күнделікті міндеттер, күмән, қаржылай қиындықтар сізді стресске итермелеп жүрген болуы керек... Кейде сіз тек проблемаларды шешумен айналысатын машина сияқтысыз. Дегенмен бүкіл ауыртпалықты жалғыз арқалауды доғарыңыз. Жаныңыздағылардан көмек сұрауды үйреніңіз. Бұдан былай шынайы өмір сүріңіз және проблемалар туралы алаңдамауға тырысыңыз. Көбірек демалыңыз.
2. Ағаштар. Егер сіз бірінші болып ағашты көрсеңі, қазір өміріңізде үлкен бір мәселе болып тұр деген сөз. Және ол мәселе өмір сүруіңізге кедергі болып тұр. Сізде қазір өміріңіз үшін маңызды бір шешім қабылдайтын кезең. Дәл осы кезде сіздің алдыңыздағы миссия - дұрыс шешімді табу болып тұр. Әрине, ол сізді біршама алаңдатып тұр. Сіз не істеріңізді білмейсіз. Сіз тәуекел ете алмай жатырсыз.
3. Зебра немесе жирафтар. Егер сіз көрген бірінші нәрсе, бұл зебра немесе жираф болса, сіздің басты мәселеңіз өзіңізді шектеуіңіз. Әрине, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Алайда, тым шектей берсеңіз, өз-өзіңізбен ғана болп, өз ойларыңыздың құрбанына айналуыңыз мүмкін. Сіз тайм-аут алып, достарыңызбен қарым-қатынас жасап, жаңа адамдармен кездесіңіз. Сонда ғана сыртқы депрессиядан арыласыз.
4. Үлкен пантера. Егер сіз жалғыз пантераны көрсеңіз, сіздің басты мәселеңіз - сіз шаршадңыз. Өзіңізді жалғыз сезініп жүрсіз. Өміріңіздегі бірқалыптылық сізді мезі етті. Көп көңілшең болып та жүрсіз. Алайда бұл ұзаққа созылмайды. Себебі айналаңызда қаншама адамдар бар. Сізді жақсы көретіндер көп. Өзіңізді өзіңіз жегідей жеуді қою қажет.
Дереккөз: Oinet.kz