Алматыда жас жігіт Instagram арқылы бірнеше адамды алдаған

18 Наурыз, 2019 566 0

NewsROOM+. Алматыда Инстаграм желісін пайдаланып адамдардың ақшасын жымқырған 23 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.  

«Ол Instagram әлеуметтік желісінде «Olimp_bets_kzzz» тобын құрған. Ол букмекерлік кеңселердің ставкасы арқылы ақшаны көбейтіп берем деп уәде берген. Адамдар ақшасын 10 есе өсіремін деген алдауға сеніп қалып, паблик админінің «8-700-694-14-52» киви-әмиянына ақша аударып отырған.  Ақшаны алып алған соң ол клиенттерімен байланысты үзіп, парақшаны бұғаттап отырған. Қазіргі таңда оның 4 қылмысқа қатысы бары анықталды. Жалпы алғанда алаяқ жігіт адамдардан 6 млн теңге алған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деді қалалық Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов. 

Полиция осы адамның әрекетінен зардап шеккендер болса, 298-51-36; 8-747-818-31-99 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Тегтер: инстаграм, тергеу, алматы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.