Ақтөбедегі теракті кезінде жараланған полицейге пәтер сыйға тартты

18 Наурыз, 2019 486 0

NewsROOM+. Бауыры мен оң қолы жараланған полиция қызметкері Әлібек Жетіғаринге бүгін 2 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. Сонымен қатар, әріптестері 1 күндік жалақысын аударды, деп жазды Aktobenews.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Махамбет Абисатов жеке құрам алдында Әлібек Жетігаринге екі бөлмелі пәтер кілті мен 7 млн 356 теңге болатын сертификат табыстады. Қаржыны полиция департаментінің жеке құрамы әріптесіне көмек, медициналық мекемелерде оңалту курастарынан өту үшін жинады.



«ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы аясында қызметкер 4 ай ем ала алады. Ал аса ауыр болса 9 ай ғана ем қабылдауға рұқсат берілген. Біз 2 жыл уақыт бердік, бірақ денсаулығын қалыпта келтіру мүмкін болмады. Сондықтан 2018 жылдың қараша айында полиция департаментінен жұмыстан шығарылды. Бірақ, оны мен еңбек демалысында жүрген кезде хабарлап, айтпаған. Бүгінгі ісімізді айтқызбай-ақ істеуіміз керек еді. Сондықтан жұмыстан шығару туралы шешімге қол қойған екі қызметкердің өзі қызметтен кетіп, бірнеше басшы жазаланды. Әлібекке 2 жылдық жұмыста 6 рет сыйақы тағайындалды, оның үштеуі ҚР ІІМ-нің бұйрығымен берілді. Ешқандай ескерту алмаған полиция қызметкері сол оқиғадан соң «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды», — деді полиция департаментінің бастығы Махамбет Абисатов. Өз кезегінде Әлібек Жетіғарин әріптестеріне алғысын айтты.

Айта кетейік, Әлібек Жетіғарин 2016 жылы маусым айында радикалды топтың «Паллада» қару дүкеніне шабуылы кезінде жараланды. Ерлік әрекеті үшін Ә.Жетігарин «Ерлігі үшін» медальімен марапатталды. Сонымен қатар, полиция департаметінің бастығы М.Абисатов Ә.Жетігарин білім алған №13 мектепте «Даңқ бұрышы» орнатылатынын хабарлады.

Тегтер: ӘлібекЖетіғарин, пәтер, ақтөбе, теракт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.