Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

18 Наурыз, 2019 1024 0

NewsROOM+. Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасы қол қойған заңдар:

  • Елдің қорғаныс өнеркәсібі саласын кешенді реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындауға бағытталған «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» ҚР Заңы;

  • «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы.


Тегтер: заң, өзгертулер, қорғанысжәнеаэроғарышөнеркәсібі, ақпараттыққауіпсіздік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.