2011 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер Алматыда ұсталды

18 Наурыз, 2019 697 0

NewsROOM+. Полицейлер оңтүстік астанада сегіз жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп жазды АКИpress сайты.

48 жастағы азамат Қазақстан мен Қырғызстан ІІМ жедел уәкілдерінің бірлескен күшімен қолға түсті. Ол қылмыстық қоғамдастық пен қорқытып алушылықты ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр.

Полицейлердің ақпаратына қарағанда, ол ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ретінде Қырғызстан ІІМ жедел есебінде тұр.



Шу облысының тумасы бұрын да істі болған. Нақтырақ айтқанда, ол тонау, қарақшылық,, адамды ұрлау, қорқытып алушылық және т.б. үшін жауапкершілікке тартылған.

Қылмыстық әлемде үлкен беделі бар азамат бұрын «қараушы» деген қылмыстық мәртебеге де ие болған.

Ал Алматы аумағында ол қырғыз құқық қорғаушыларынан жалған төлқұжатпен жасырынған екен.


Тегтер: алматы, полиция, қылмыскер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.