Мешіттегі қанды қырғын: ұсталған үш күдіктінің терактіге қатысы болмай шықты

17 Наурыз, 2019 786 0

NewsROOM+. Құқық қорғау органдары Жаңа Зеландияда теракт ұйымдастырды деп ұсталған үш адамның мешіттегі қанды қырғынға қатысы жоқ деп санайды. Бұл туралы елдің полиция басшысы Майк Буш баспасөз мәслихаты кезінде хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Терактіден кейін полиция төрт адамды ұстаған: үш ер азамат және бір әйел. Олардың арасында 28 жастағы Австралия азаматы Брентон Таррантқа кісі өлтіргені үшін айып тағылды. Ол 5 сәуірге дейін қамауға алынған.

Буштың сөзіне сүйенсек, полиция тағы бір ер мен әйелді ұстапты, себебі олардың көлігінен оқ ататын қару табылған. Әйелді босатты, ал ер адамға "оқ ататын қаруға қатысты" құқық бұзушы әрекеттер жасағаны үшін айып тағылды. Үшінші ұсталған адам нәсілдік кемсітушілікке арандатты деген айыппен дүйсенбі күні сот алдына келеді.

"Бұл адамдардың қарулы шабуылдарға қатысы жоқ деп санаймыз", - деп мәлімдеді Буш.

Жаңа Зеландия полициясының басшысы хабарлағандай, теракт болған жерде тағы бір қаза тапқан кісінің денесі табылды. Сонымен, барлығы 50 адам лаңкестіктің құрбаны болған. Ал зардап шеккендер саны – 50, олардың 36-сы ауруханада жатыр: 11 зардап шегуші ауыр халде.

Жаңа Зеландиядағы теракт: лаңкес оқиға кезінде әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізген

Дереккөз: sputniknews.kz






Тегтер: жаңазеландия, теракт, полиция, күдікті

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.