Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды

24 Мамыр, 2018 953 0

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дастан Шалтабаев Талдықорған қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған newsroom.kz.

Дастан Тұрарбекұлы 1973 жылы туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Мамандығы - инженер-құрылысшы, құқық бакалавры. Еңбек жолын Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы Жетісу аудандық бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдарда Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы Жетісу аудандық бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, Алматы облыстық білім басқармасының бастауыш және орта кәсіптік білім, құрылыс және жөндеу бөлімінің бас маманы, облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Алматы облыстық департаментінің бас маманы, Жамбыл және Қарасай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бастығы, Алматы облыстық құрылыс басқармасының бастығы, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды. Тағайындауға дейін 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.   Айта кету керек, Алматы облысы әкімінің өкімімен Бағдат Қарасаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Талдықорған қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Тегтер: талдықорған, әкім, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.