Түркістан облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 344 млрд теңгенің өнімін өндірген
Түркістан облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 344 млрд теңгенің өнімін өндірген
Оның айтуынша, облыстағы 300 бірлік өнеркәсіп орындарында 23 мыңға жуық адам жұмыс істейді. «Бүгінгі таңда 2020-2023 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы сомасы 324 млрд. теңгені құрайтын 29 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде шамамен 6 мың жұмыс орны құрылатын болады. Ал биыл 12,5 млрд.теңге сомасына 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. Толық іске асқан жағдайда 1500 адам жұмыспен қамтылады. Ағымдағы жылғы жобалардың ішінде 3-і іске қосылған», — деді Иса Мұсаұлы. Аталған жобалар: Мақтаарал ауданындағы «Tulpar Textille» ЖШС тоқыма фабрикасының құрылысы. Жылдық қуаттылығы — 6600 тонна (жүзеге асырылуда); Мақтаарал ауданындағы «Tulpar May» ЖШС тазартылған май өндіру цехының құрылысы. Жылдық қуаттылығы — 2912 тонна. Жоба сомасы-2 млрд. теңге (іске асыру сатысында); Ордабасы ауданындағы «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір-химия комбинатының құрылысы. Жоба сомасы-1,5 млрд. теңге (іске асырылды); Кентау қаласындағы пластикалық құрылыс бұйымдарын шығаратын «АБН Альянс» ЖШС зауытының құрылысы. Қуаты — 1500 тонна кәріз құбырлары, жоба сомасы-600 млн. теңге (жүзеге асырылуда); Келес ауданындағы «Тмстрой21» ЖШС күйдірілген кірпіш шығаратын зауыт. Жылдық қуаттылығы — 15 млн. бірлік. Жоба сомасы-520 млн. теңге (іске асырылды); Түркістан қаласындағы «Turkistan Textile» ЖШС тігін цехының құрылысы. Қуаттылығы — айына 15 мың бірлік. Жоба сомасы-500 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданындағы «AYKAN» Айкан» ЖШС сүт өңдеу зауытының құрылысы. Жылдық қуаттылығы — 15 тонна. Жобаның құны-390,8 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданында «DARIA ГРУПП» ЖШС тауарлық бетонның асфальтбетон қоспаларын, темір-бетон және бетон бұйымдарын шығаратын зауыт. Қуаттылығы-тауарлық бетон-жылына 21 000 текше метр. Жоба сомасы-290 млн.теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданындағы «Elit Story M&A» ЖШС бетон және асфальт-бетон қоспаларын өндіретін зауыт. Қуаттылығы-тауарлық бетон — 40 000 текше метр, жоба сомасы — 270 млн. теңге (іске асыру сатысында); Келес ауданындағы «АІ ВІ-І» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы. Қуаттылығы — 30 млн.дана. Жобаның құны-251 млн. теңге (іске асырылды); Сайрам ауданындағы «Көктал Групп» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты. Жылдық қуаттылығы — 20 мың тонна. Жоба сомасы-249 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданында «Конус и К» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты. Жобаның құны-200 млн.теңге (іске асыру сатысында).
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі