Сайрам ауданында «Ауыл - Ел Бесігі» жобасы аясында бірқатар нысан күрделі жөндеуден өтті

Сайрам ауданында «Ауыл - Ел Бесігі» жобасы аясында бірқатар нысан күрделі жөндеуден өтті

ашық дереккөзі

Сайрам ауданының орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы Мәдениет үйі «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өтті. Тозығы жеткен ғимарат толығымен жаңарып, жуырда пайдалануға берілмек. Нысан табиғи газ арқылы жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ Сайрам ауданында аталған жоба аясында Ақсукент және Манкент ауылдарындағы 1 білім, 1 мәдениет және 1 денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Сонымен қатар екі ауылдық округтегі 10 жолдың орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бұл - Мемлекет Басшысының Жолдауына орай, аудандағы мәдениет саласына жасалған зор қолдау. Айта кетейік, күні кеше Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Аманкелдіұлы Сайрам ауданындағы іс-сапар барысында құрылысы аяқталған бірқатар нысандарды аралап, бақылау жүргізді.     Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Жүктелуде...