Қостанайда полиция ғимаратына оқ атқан азамат сотталды

16 Наурыз, 2019 522 0

NewsROOM+. Бүгін Қостанайда полиция басқармасының ғимаратына оқ жаудырған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған сот ауыл тұрғынын он жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарған.

Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ер адам өткен жылдың қазанында жүргізуші куәлігінен айырылған. Кейін ол көлігімен Меңдіқара АІІБ-ге келіп, ғимараттың терезесіне екі рет оқ атқан.

Сот азаматты кінәлі деп тауып, оны он жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Онымен қоса, сотталушы аудандық полиция ғимаратының терезесін сындырғаны үшін 82 мың теңге материалдық шығын өтеді. Сонымен қатар, одан жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 АЕК, яғни 75 мың 750 теңге мәжбүрлі төлем алынды.

Сонымен қатар, оның Жигули автокөлігі мемлекет еншісіне берілді.Полиция ғимаратына шабуыл жасаған кезде ол осы көлікпен келген. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: қостанай, қылмыс, оқ, сот, үкім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.