Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына қатысты
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына қатысты
ашық дереккөзі
Түркістан облысына сапары барысында Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты.Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылды. Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған.Оның құрылысына 102 бірлік арнайы техника мен 300-ден астам құрылысшы жұмылдырылды. Жалпы ауданы 905 гектар болатын халықаралық әуежайдың қызмет көрсету әлеуеті жылына шамамен үш миллион жолаушыны құрайды.