Астанада газ баллоны жарылып, 3 адам зардап шекті

15 Наурыз, 2019 590 0

NewsROOM+. Астанада екі қабатты ғимаратта газ баллоны жарылды. Бұл туралы newsroom.kz ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап хабарлайды. 

«15 наурыз күні сағат 17:06 кезінде Астана ТЖ департаменті пультіне Алаш тас жолы бойындағы «МолПродуктсервис» ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллонының жарылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Сағат 17:14 шамасында өрт сөндірушілер жеткен уақытта  бірінші және екінші қабат арасындағы төбе бөлігі опырылып түскендігі анықталды», - делінген таратылған мәліметте. 

Белгілі болғандай, жарылыс салдарынан шамамен 300 шаршы метр аумақ жер опырылған.       

Дерек көзі: ҚазАқпарат

Тегтер: астана, жарылыс, балон

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.