Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында қашықтықтан оқуға барлық жағдай жасалуда

Түркістан облысында қашықтықтан оқуға барлық жағдай жасалуда

Түркістан облысында қашықтықтан оқуға барлық жағдай жасалуда
ашық дереккөзі
 width= Республикалық бюджет есебінен алынған компьютерлік құрылғылар түркістандық оқушыларға таратылуда. Жоспарланған 7711 планшеттің жартысынан жуығы жеткізіліп, мектеп оқушыларына 3682 планшет берілді. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мәліметінше, техникалардың қалған бөлігі де жақын күндері жеткізіледі. Олардың барлығы қайтарымды негізде қашықтан оқитыны балаларға үлсетіріледі деп жоспарланып отыр. Түркістан облысында қашықтықтан білім алушы 456 555 оқушының 85 595-інде үй жағдайында компьютерлік техникасы жоқ екендігі анықталған, бұл – 18,7% құрап отыр. Оқу жылы басталғаннан мұқтаж отбасыларға мектептен 24317 компьютер уақытша пайдалануға берілді, жергілікті бюджет есебінен 1288 дана компьютерлік техника сатып алынды. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 1696 компьютерлік техника берілсе, ал ҚР Үкіметінің резервінен 4000 планшет аз қамтылған отбасының балаларына берілген болатын. Сонымен қатар компьютерлік техникамен қамтамасыз етілмей қалған 54 294 оқушының мәселесін шешу үшін 30 қыркүйекке дейін жергілікті бюджет есебінен 700 ноутбук алу жоспарланып отыр. Айта кетейік, Қазақстан Үкіметінің резерві қаражатынан 25 қыркүйеке дейін 5000 ноутбук, 30 қыркүйекке дейін 3711 планшет, 5952 компьютер, 25 қазанға дейін 10000 ноутбук, 30 қазанға дейін 28527 ноутбук алынатын болады деп күтілуде.