Түркістан-Кентау автомобиль жолын жөндеу жұмыстары 95 пайызға аяқталды
Түркістан-Кентау автомобиль жолын жөндеу жұмыстары 95 пайызға аяқталды
Түркістан-Кентау автомобиль жолын жөндеу 95 пайызға аяқталып қалды. Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Түркістан және Кентау қалаларын жалғайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер мекеме «Ақ-Жол» ЖШС-і.
Түркістан қаласы мен Кентау аралығындағы жолдың жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайды, қазіргі таңда оның 19 шақырымы жөндеуден өтіп жатыр. Жол жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімі тұрақты бақылауда.
Бүгін жалпы жөндеу жұмыстары 95%-ға аяқталып қалған. Сондай ақ жолға асфальтбетон жамылғысы толық төселген. Сондай-ақ, елді мекен аумақтарында аяқжол мен жарықтандыру шамдары орнатылды. Бұл жұмыстармен қатар Түркістан қаласының аумағында веложолақ төселді.
Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері орнатылып, жолға таңбалау жұмыстары жүргізілді. Түркістан-Кентау автомобиль жолы, яғни жаңартылған жол 2021 жылы толықтай пайдалануға берілетін болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі