Отырар ауданы бойынша 2020 жылы 6 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы Ұ.Арғынбеков даңғылындағы 1,9 шақырым жол бойы мен Шәуілдір ауылы Ұ.Арғынбеков даңғылы (Шәуілдір-Арыстанбаб автокөлік жолы бағыты) 1,77 шақырым аралықта абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүруде. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында аяқ жол және веложол салу, бастырма, жарықшамдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері, қоршаулар орнату жұмыстары да қоса атқарылды.
Сонымен бірге, Шәуілдір ауылы, Жібек Жолы даңғылы бойындағы «Даңқты бабалар саяжолы» нысаны мен «Қасірет Мемориалы» аллеясына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, гранит тақталар, брусчатка, травертин төсеу, жарықшамдар, қоқыс жәшіктері, орындықтар орнатылған.
Бұдан өзге, Жібек жолы даңғылын абаттандырудың келесі кезеңдеріне сай суландыру жарықтандыру, автотұрақтар, аяқжолдар орнату жұмыстары жыл соңына дейін жүйелі түрде жүргізілмек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі