"Ювентуске" 1/4 финалда "Аякс" түсті

15 Наурыз, 2019 542 0

NewsROOM+. Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының 1/4 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды newsroom.kz  Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл кезеңде бір елдің өкілдері бір-бірімен кездесе береді. Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы кездесулері 9 және 10 сәуірде өтеді, қарымта кездесулер – бір аптадан кейін.

ЧЛ 1/4 финалының барлық жұптары мынадай болды:

"Аякс" (Голландия) - "Ювентус" (Италия)

"Ливерпуль" (Англия) - "Порту" (Португалия)

"Тоттенхэм" (Англия) - "Манчестер Сити" (Англия)

"Барселона" (Испания) - "Манчестер Юнайтед" (Англия).

"Тоттенхэм" - "Сити" жұбының жеңімпазы "Ювентус" немесе "Аякспен" кездеседі, ал "Барса" - "МЮ" екеуінің мықтысы "Ливерпуль" немесе "Портуға" шығады.

Алғашқы жартылай финалдық ойындар 30 сәуірде, қарымта кездесу - 7 мамырда өтеді.

Финал 2 маусымда Мадридтегі "Ванда Метрополитано" стадионында өтеді. 

Тегтер: футбол, чемпиондарлигасы, ювентус, барселона, аякс, жеребе

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.