Қазақ-қытай шекарасында оқ-дәрі тасымалдаған келіншек ұсталды

15 Наурыз, 2019 614 0

NewsROOM+. Қазақ – Қытай шекарасында оқ-дәрі тасымалдаған «Toyota Prado» автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.

Анықталғандай, ол әйел адам. 14 наурызда шамамен сағат 10.30-да «Toyota Prado» маркалы автокөлікті тексеру барысында 7,62 * 39 мм калибрлі 13 оқ-дәрі табылды. Оқиға Қазақ – Қытай шекарасында орын алды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлады.

Автокөлік жүргізушісі «Қорғас» сауда кешеніне бара жатқан. Әзірге оқ-дәрілер кеден бақылауында, ал жүргізуші қамауға алынды.

Қазір мән-жайды Алматы облысы Панфилов аудандық полициясы анықтап жатыр.


    


Тегтер: қару, шекара, полиция, оқ-дәрі

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.