Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметінің бір бағыты – бизнесті қорғау, оның дамуына қолайлы жағдай жасау.
Осы орайда, бүгін Департамент пен облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп кәсіпкерлер арасында «Protecting Business and Investments» жобасы аясында іс – шарасы өтті,деп хабарлайды Baqmedia.kz
Жиынның негізгі мақсаты – кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету мен кәсіпкерлердің емқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Іс – шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары М.Қарғабай, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары И.Ким, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджерлері мен бизнес қауымдастығының кәсіпкерлері қатысты.
Жиын барысында сөз сөйлеген Мирас Асқарбайұлы кәсіпкерлікті кешенді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Агенттікпен енгізілген «Protecting Business and Investments» жобасымен таныстыра келе, Департамент бизнес-құрылымдарының өкілдерімен тікелей қарым – қатынасқа және кәсіпкерлікті қорғауға ерекше мән беретінін, сондай-ақ, «Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында бизнес ортаны қалпына келтіру үшін бірқатар шаралар қолға алынғанын кеңінен атап өтті.
Сондай-ақ, Мирас Қарғабай өз сөзін «біз қолда бар барлық ресурстарды пайдалана отырып, бизнес қауымдастыққа қатысты кез-келген қысымнан қорғау үшін қолымыздан келгеннін бәрін жасаймыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерді белсенді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа шақырамыз – деп қорытындылады.
Кездесуде сөз сөйлеген облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлімі басшысы Амирова Зухра кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бағытында жасалып жатқан жұмыстарға жан – жақты тоқталып өтті.
Іс-шара соңында жиынға келген кәсіпкерлер өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, түйіткілді жауаптарын алды.
Еске сала кетейік, бүгінгі күнге Департамент жалпы сомасы 466 млрд. теңгеден асатын 37 жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда.
Қосымша айта кетейік, бүгінгі жиынның қорытындысымен кәсіпкерлердің мәселелерін талқылау және дер кезінде шешу мақсатында бірқатар мемлекеттік орган басшыларының және кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылатын болады.