Атпал азамат, қашан да халқының қамын қамдап, өзіне жүктелген міндетті жоғары дәрежеде атқара білген мемлекеттік қызметші, Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев бүгін мезгілсіз дүниеден озды. Суыт хабарды әріптестері жеткізді. Әліпбек Шәріпбекұлының қайтыс болуына байланысты отбасының, жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.