Аудан орталығы Шаян ауылында орналасқан «Асқар тау» шаруа қожалығы 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қожалық 4 000 гектарға жуық жерге дәнді дақылдар (бидай, арпа, мақсары) егумен айналысады. Одан бөлек, 60 гектар жерге жоңышқа егіп, мал азығын дайындайды. Шаруашылықта тұрақты 10 адам жұмыспен қамтылған. Маусымдық кезеңде 30-ға жуық адам жұмыс істейді. Қожалықта аудан егіншілеріне ыңғайлы заманауи электронды 150 тонналық таразы орнатылған. Орылған астықтар сиымдылығы 5 мың тонналық қоймада сақталады. Қазіргі таңда қоймада жоғары сортты қайта өңдеу құрылғысымен тәулігіне 20 тонна астық тазаланып, маусымдық егістікке тұқымдық дайындалуда.
Сонымен қатар, қожалық иесі Асқар Оразханұлының айтуынша, «Асқар тау» шаруа қожалығы биыл 200 басқа арналған мал бордақылау алаңы мен 130 гектар жерге тамшылатып суғару тәсілімен жылыжай кешенін соғуды қолға алғалы отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі