Жаңалықтар

Мақтаарал ауданындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізілуде

Мақтаарал ауданындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізілуде

 width=

Түркістан облысы Мырзакент кентіндегі 1976 жылы пайдалануға берілген Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Нысанның құрылысын биыл қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.

Спорт алаңының сыйымдылығы 2066 көрерменге арналған. Нысанның құрылысын мердігер «ПМК-7К» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда спорт алаңында көрермендерге арналған орындықтар орнатылуда. Сондай-ақ, алаңға газон өсіру үшін Алматы қаласынан арнайы мамандар шақырылатын болады.

Құрылыс сапасын тексерген аудан әкімі Бақыт Асанов кейбір кемшіліктер бойынша құрылысқа жауапты мамандарға ескертулер жасап, нысанның құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі