Mercer компаниясы әлемдегі өмір сүруге қолайсыз қалалар рейтингін жасады

14 Наурыз, 2019 760 0

NewsROOM+. Mercer компаниясы әлемдегі өмір сүруге қолайсыз қалалар рейтингін жасады. Зерттеу барысында елдегі тұрғын үй жағдайлары, қоғамдық көлік және басқа да көрсеткіштер есепке алынған. Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасаған newsroom.kz хабарлайды.

Халықаралық компанияның мәліметі бойынша, әлемде өмір сүруге ең қолайсыз қала Бағдад болып табылған.

Ирак астанасы рейтинг бойынша 231-ші яғни соңғы орынға табан тіреген. Сондай-ақ ең төменгі көрсеткішке ие болғандардың қатарында Оңтүстік Африка республикасының астанасы Банги мен Йемен астанасы Сана (229 орын) бар.

Өмір сүруге қолайыз ондыққа: Порт-о-Пренс (Гаити), Хартум (Судан), Нджамена (Чад), Дамаск (Сирия), Браззавиль (Конго), Киншаса (Конго демократиялық республикасы) мен Конакри (Гвинея) кірген.

Ал өмір сүруге ең қолайлы қалалар тізімінде Австрия астанасы Вена көш бастады.

Одан кейін орындарға Швейцарияның Цюрих, Канаданың Ванкувер қалалары орналасса, үздік ондыққа Мюнхен, Окленд, Дюссельдорф, Франкфурт, Копенгаген, Женева және Базель шаһарлары кірген.

Айта кетейік, рейтингте Алматы 177, Мәскеу 167, Санк-Петербург 174, Бішкек 206 орында тұр.

Дерек көзі : nur.kz

Тегтер: Вена, бағдад, әлемдегіөмірсүругеқолайсызқалалар, рейтинг

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.