Праймериз: Кентаудағы пікірсайыста қала әкіміне тікелей мәселе айтылды

Праймериз: Кентаудағы пікірсайыста қала әкіміне тікелей мәселе айтылды

ашық дереккөзі

 width= Кентау қаласында «Nur Otan» партиясының праймериз өткізу кестесіне сәйкес, жария пікірсайыс өтті. Саяси дода Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында ұйымдастырылды. Жеребе арқылы анықталған бұл дебатқа 6 үміткер қатысты. Жария пікірсайысқа қала әкімі Даурен Махажанов арнайы қатысып,«Бұл праймериз нағыз мықтыларды анықтайтын дода. Елбасымыз , партия төрағасы Н.Назарбаев праймеризді әділ, әрі жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Праймеризге қатысушылардың барлығы елдің ертеңіне сеніммен қарайтын, нағыз майталмандар деп білем. Баршаңызға саяси додада сәттілік тілеймін» деді. Сайыс екі бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде праймериз үміткерлері 5 минут ішінде өз бағдарламалары мен өзекті мәселелердің шешілу жолдарын баяндаса, екінші бөлімде сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты. Кандидаттар өздерінің сайлау алды бағдарламасы мен өзекті мәселелерді ортаға салып, өз біліктіліктері мен ой тәжірибелерін көрсетті. Тіпті үміткерлердің арасында қала әкіміне тікелей ұсыныс жолдап, мәселе көтергендер де болды. Ұсыныстың алғашқысы жергілікті тарихи орындарды зияратшылар келетін орталықтарға айналдыру бойынша айтылды. Ол үшін мемлекеттік гранттар бөлу кезінде туризмді дамыту жөнінде бизнес-жоба жасап келген азаматтарға қолдау көрсетілуі тиіс. Екінші ұсыныс – сервистік мал сою алаңдарын ашу. Сағатына кемінде 8 бас мал соя алатын, өнімді сақтауға арналған тоңазытқыш камерасы бар орын қажет. Ол үшін Кентау қаласына қарасты тірек ауылдардағы жер телімдері аукционға жер қойылып, кәсіпкерлерге берілуі тиіс. Сонымен қатар әлеуметтік сала, медицинаны жақсарту, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдаулар, жұмыссыздық секілді сауалдар да қойылып, үміткерлердің біліктілігі сынға түсті. Кентау қаласы бойынша алғашқы жария пікірсайыс ашық, әрі жоғары деңгейде өтті. Түркістан облысынан 1144 үміткер тіркелсе, оның 88-і Кентау қаласынан. Бұл шаһарда 30-шы қыркүйекке дейін 16-дай пікір сайыс өткізу жоспарланған.

Жүктелуде...