Тоқалдың шашын жұлып, ұрып тастадым

14 Наурыз, 2019 724 0

NewsROOM+. Өзiм намаз оқитын иманды жiгiтке тұрмыска шықтым, көп журген жоқпыз. Мен оның бар шарттарына көнiп, тұрмысқа шықтым ғой, ата-анасымен бірге тұрамыз дедi.

Дiнге катты берiлген едi жолдасым. 2 жыл көтере алмай журдiм. Қасындагы жолдас достарының 2-3 әйелi бар едi, бірак отырыс болса, тек бәйбiшелерiн алып келетін.
Менiң жолдасыма да сол достары ақыл айтқан, екі әйел алуың керек, ол парыз деп үгіттеді.

Сосын ол маған келiп: "Жаным ренжiме, солай екiншi әйел алуым керек, сенi тастамаймын, сүйемiн" дедi.

Төбемнен су құйып жiбергендей болды.

"Қайдан таптың?" дедiм. Базарда сауда жасайтын жап-жас кыз екендiгiн айтты.

"Менi өлтiр, сосын уйлене бер, құрсақ көтере алмай журген шагымда сен қасымда болудың орнына екіншi әйел аламын дейсiң ,сонда не ушiн мені алдың, әлде жалықтың ба?" дедім, Ол болса жалықпағанын, тек бұл парыз екенін айтапды. 

"Қайдағы парыз, сонда басқа әйел сенiн құшагыңда жатқанда мен қайтемін, қалай жыламаймын" десем, "сен тегi имансыз әйел болып кеттің, сенi бақсам болды емес пе, көнсең де, көнбесең де, мен екінші әйел аламын, танысып та үлгердім, иманды қыз" деп қоймады.

Менің мүлде есім ауып калды.Әке-шешесi де оны қолдады,  ұрпақсыз өтпесiн ұлымыз деп келісімдерін берд.
Үйлендi, бірақ бөлек тұрды.

Сонда әйел деген кiм, бәріне көне беру керек пе? Күйеуім маған келгенде жек көріп қарайтын болдым.

Бiр айдан соң күйеуiм басқа қалаға кеткен кезде мен сол әйелдiн уйiне бардым. Шашын жұлып, ұрып-ұрып кетіп қалдым. iшiмде бар ыза-кек бар едi, қатты ашумен бардым.

Бірак осыдан кейін менi ата-енем де, куйеуiм де мүлде кешірмеді.  

Талақ  айтып, ажырастық.

3 жыл болды үйге қайтып келгенiме. Мен бәрiбiр көне алмайтын едiм мұндай азапқа, өкінбеймін.  

Дерек көзі : Алаш Айнасы

Тегтер: тоқал, отбасы, бәйбіше, намаз, азап

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.