Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан өңірінен шалынған қоңырау арқылы 7 тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Түркістан өңірінен шалынған қоңырау арқылы 7 тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Түркістан өңірінен шалынған қоңырау арқылы 7 тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
 width= Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 2020 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды zakon.kz. Баспасөз жиынында ағымдағы жылдың 8 айында Департаменттің Тергеу басқарамасының өндірісінде 288 қылмыстық іс болғаны, оның ішінде 169-ы Агенттіктің Түркістан облыстық департаментімен тіркелгені атап өтілді. Және өндірісте болған істердің 184-і өндіріспен аяқталып, оның 42 ісі айыптау актісімен сотқа жолданғаны баяндалды. Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты барысында әрбір аяқталған істер бойынша алдын алу шараларын күнделікті жүргізудің арқасында ҚР ҚПК-нің 200 бабына сәйкес, заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстарды енгізу көрсеткіші 100%-ға жеткендігі атап көрсетілді. Атап айтқанда, биылғы жылдың 8 айында 75 ұсыныс жолданып, оның 64-і қаралып, 44 лауазымды тұлға түрлі деңгейдегі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған. Баспасөз жиынында Департамент басшысының бірінші орынбасары мекеме ұжымының қатысуымен - 40, ал басшылардың қатысуымен - 22 ұсыным қаралғандығын тілге тиек етіп, сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша ұсыныстардың барлығы толық мемлекеттік органдарға жолданғанын жеткізді. Бұдан бөлек, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қағидасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен 9 тұлғаға 1,5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілгенін алға тартып, Агенттіктің 1424 Call орталығына Түркістан өңірінен хабарласқан 73 азаматтың берген ақпараты арқылы жедел әрекет ету амалдары жүргізіліп, нәтижесінде 7 тұлғаның заңсыз әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалғандығы атап өтілді.