«Nur Otan» партиясы Елбасы мен ҚР Президентінің бастамаларын белсенді түрде жүзеге асыру және болашақта Қазақстанның ары қарай өркендеу жолында жұмыс жасау үшін мен туған еліме және көпұлтты халқыма барынша пайдалы және нәтижелі қызмет ету ниетінде праймеризге кандидат ретінде сайлауалды бағдарламамды сіздерге ұсынамын.
Бағдарламамда халықтың әл-ауқатын, денсаулығын жақсартуға, қыз-келіншектердің, медицина қызметкерлерінің мәселелерін қамтуға тырыстым.
Мен үшін «Nur Otan» партиясының атынан праймеризге кандидат ретінде қатысуым маған артылған үлкен сенім мен жауапкершілік деп есептеймін!
Менің сайлау алды бағдарламамның басты бағыттары Партияның алға қойылған мақсаттарынан алынғандықтан, оны толығымен қолдаймын және партия мүшесі ретінде оны толығымен жүзеге асыруға атсалысамын!
Сайлауалды бағдарлама
Саяси құқықтық салада:
Тұрғындардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты қарттар мен жетім, жартылай жетім балаларға мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік кепілдіктермен толықтай қамтылуы және оларға қаржылай мүмкіндігі бар азаматтар көмек беруіне ықпал ету үшін жұмыс жасау;
Қала тұрғындары арасында келісім мен бірлік, ынтымақтастық, достық, барлық ұлттардың құқықтық теңдігі мен өзара түсіністігін нығайту жолындағы жұмыстарға белсене араласу;
Үкіметтік емес ұйымдардың рөлін көтеру, көпшілікті демократиялық және құқықтық қоғам құру жолында жұмылдыру;
Сайлаушылар тарапынан болған арыз шағымдар, ұсыныс пікірлер мен талаптардың әділ және заңнамалық негізде уақытылы шешілу жолдарын қарастыру ;
Гендерлік саясатты насихаттау, қыз-келіншектерді қаржылық сауаттылыққа, көшбасшылық шеберлікке, жаңа мамандық игеруіне оқытуға, қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысуына барынша жағдай жасау;
Әлеуметтік салада:
Халық денсаулығын, әсіресе ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында халық арасында кеңінен насихат жұмыстарын жүргізу, салауатты өмір салтын ұстану қағидаларын енгізу;
Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс дамып жетілуіне ықпал ету мақсатында кіші сынып оқушыларына ыстық тамақ пен тегін қамтамасыз етуге, спортқа баулу үшін тегін спорттық алаңдар мен дене шынықтыру кешендерінің қолжетімді болуына атсалысу;
Кентау қаласына қарасты денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға ықпал ету, заманауи инновациялық технологиялар мен жетістіктерінің кеңінен қолданылуына, атап айтқанда: денсаулық сақтау саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, цифрлық қызмет көрсету, медициналық ақпараттандыру жұмыстарын халыққа ыңғайлы нұсқада ендіру және жұмыс жасауына атсалысу;
Ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмек алуы үшін:
- ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың, Фельдшерлік-акушерлік пунктардың, Медициналық пунктардың заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге және онда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға атсалысу;
- ауылға білікті жас мамандарды тартуға, оларды жергілікті жерде тұрақтануларына мейлінше қолайлы жағдай жасауға ( тұрғын үй, материалдық көмек, ынталандыру мақсатында жоғары жалақы тағайындауға) ықпал ету.
Медицина қызметкерлерінің жаппай біліктілігін арттыру мақсатында Республикалық деңгейде жақын және алыс шет елдерде оқытуды ұйымдастыру;
Медицина қызметкерлерінің беделін арттыруға арналған іс шараларды кеңінен жүргізу;
Медицина қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында барлық тиісті органдар алдында мәселе көтеру;
Медицина қызметкерлерінің әл ахуалын, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға тұрғын үй, жермен қамтамасыз етуге , денсаулықтарын оңалтуға жағдай жасайтын іс шараларды жүргізуге атсалысу;
Құрметті сайлаушылар!
Тек қана Сіздермен бірлесе жұмыс жасап, бір-бірімізді сеніммен қолдағанда ғана біздің жалпы жоспарларымыз бен идеяларымызды толық жүзеге асыра аламыз. Отанымыздың гулденіп, көркеюіне бірлесе атсалысайық! Мен халықыма адал қызмет ету үшін праймеризге түсемін ! Сенім білдіріп, дауыс берулеріңізді сұранамын!