Праймериз: Қазығұртта 6 мыңға жуық партия мүшесі дауыс береді

Праймериз: Қазығұртта 6 мыңға жуық партия мүшесі дауыс береді

ашық дереккөзі

 width= Қазығұрт ауданында «Nur Otan» партиясы праймеризінде 6 мыңға жуық партия мүшесі дауыс беретін болады. Олар аудандағы 14 бастауыш партия ұймының мүшелері саналады. Қазірдің өзінде аудандағы 5243 партия мүшесі, яғни «нұротандықтардың» 89,6 пайызы праймериз сайтына тіркеліп, қалған 632 тұрғынды тіркеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Осы және өзге де жайттар «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың Қазығұрт ауданына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды. Бейсен Дәулетұлы алдымен аудандағы бастауыш партия ұйымында дауыс беретін және дебат өтетін орындардың дайындығымен танысып, праймеризге қатысушылармен кездесті. «Бастауыш партия ұйымдары уақытты тиімді пайдалануы қажет. Ең басты мақсатымыз – мүшелердің бәрін дерлік праймериз сайтына тіркеу. Праймериз үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Сондықтан дайындықты күнделікті зерделеп отыруға тиіспіз. Осы ретте дауыс беретін орындардың дұрыс жабдықталуына мән берген жөн», – деді ол. Сапар барысында бірінші орынбасар Шарбұлақ бастауыш партия ұйымы ұйымдастырған дебатқа қатысты. Пікірсайыстың ашылуында сөз алған Бейсен Дәулетұлы праймериздің негізгі ерекшеліктері мен ережелеріне кеңінен тоқталып, үміткерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Мұнан соң ол аудандық партия филиалы ғимаратында өңірдегі бастауыш партия ұйымдары төрағаларымен келелі кеңес өткізді. Кездесу барысында дауыс беру кезеңін асқан жауапкершілікпен өткізу, осы мақсатта дайындық жұмыстарын пысықтау, зерделеу қажеттілігі айтылды. Жалпы Қазығұрт ауданында праймеризді ұйымдастыру және өткізу мақсатында 15 адамнан тұратын ұйымдастыру комитеті мен 5 адамнан тұратын есеп комиссиясы құрылған болатын. Сондай-ақ, кездесулер мен дебаттар өтетін 14 орын белгіленген. Айта кетейік, Қазығұрт аумақтық ұйымдастыру комитетіне 93 үміткердің өтініші қабылданған. Олардың ішінде ҚР Парламент Мәжілісіне 1 үміткер, облыстық деңгейге 9 үміткер, аудандық деңгейде 83 кандидат тіркеліп, партияның кадрлық резервіне кіру үшін праймеризде бақ сынап жатыр.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалының баспасөз қызметі

Жүктелуде...