Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсті

13 Наурыз, 2019 905 0

Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Тоқтар Жақаш жазды, деп хабарлайды newsroom.kz

"Сөзде қадір жоқ" деп сапырамыз келіп. Ешкімнің көңіліне қарамаймыз. Сөйтсек, әлеуметтік желіде жерден алып, жерге салған жұрттың сөзі жүректі дертті етіпті ғой.

"Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсіпті. Жағдайы ауыр екен" деген хабар жетті.

"Ұлтың үшін не істедің?" деп жатамыз ғой. Бекең өзінің 14 баласымен қосып, бірнеше жетім-жесірді асырап отырғанын біреу білсе, біреу білмейді. Одан бөлек, жағдай айтып, көмек сұрап баратындарда да есеп жоқ. Осының бәрін үнсіз, жарияға жар салмай атқарып жүрген азаматымыз ауырып қалыпты.

Өкпеге қисақ та өлімге қимайтын қазақпыз ғой.

Аман-есен анау сүп-сүйкімді құлыншақтарына қайта оралсыншы!", - делінген жазбада

Дерек көзі: Zakon

Тегтер: бекболаттілеухан, науқастаныпқалды, жүректалмасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.