Мақтааралда 360-қа жуық үйдің құрылысы толығымен аяқталды
Мақтааралда 360-қа жуық үйдің құрылысы толығымен аяқталды

«Жалпы ауданда салынып жатқан 895 үйдің 195-сі Өргебас, 314-і Фирдауси ауылдарында, 386-сы Мырзакентте бой көтеруде. Бүгінде Өргебаста 44, Фирдауси елдімекенінде 88, Мырзакент кентінде 227 тұрғын үй құрылысы аяқталды. Жоспар бойынша барлық үй қазан айының соңына дейін толығымен салынып бітуі керек», – деді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.Өргебас және Фирдауси тұрғындары баспанасын мемлекеттің қолдауымен өздері салып жатыр. Үйдің құрылыс жұмысына кететін қаражат 3 кезең бойынша берілді. Ал, Мырзакент кентіндегі бірдей үлгіде салынып жатқан 386 үйдің 196-сы Үкімет резервінен, 190-ы қоғамдық қорлардың есебінен жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жаңадан құрылған мөлтекауданда мектеп, балабақша, медициналық амбулатория және полиция пункті салынып жатыр.