Мақтааралда 360-қа жуық үйдің құрылысы толығымен аяқталды

Мақтааралда 360-қа жуық үйдің құрылысы толығымен аяқталды

ашық дереккөзі

 width= Мақтааралда 360-қа жуық үйдің құрылысы толығымен аяқталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысының Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен елдімекендерді қалпына келтіру мақсатында 895 үй қайта салынып жатыр. Қазіргі таңда 360-қа жуық үйдің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қалған баспаналардың қабырғалары қаланып, шатыры жабылып жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев ауданға арнайы іс-сапармен барып, атқарылып жатқан жұмыспен танысты.

«Жалпы ауданда салынып жатқан 895 үйдің 195-сі Өргебас, 314-і Фирдауси ауылдарында, 386-сы Мырзакентте бой көтеруде. Бүгінде Өргебаста 44, Фирдауси елдімекенінде 88, Мырзакент кентінде 227 тұрғын үй құрылысы аяқталды. Жоспар бойынша барлық үй қазан айының соңына дейін толығымен салынып бітуі керек», – деді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.
Өргебас және Фирдауси тұрғындары баспанасын мемлекеттің қолдауымен өздері салып жатыр. Үйдің құрылыс жұмысына кететін қаражат 3 кезең бойынша берілді. Ал, Мырзакент кентіндегі бірдей үлгіде салынып жатқан 386 үйдің 196-сы Үкімет резервінен, 190-ы қоғамдық қорлардың есебінен жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жаңадан құрылған мөлтекауданда мектеп, балабақша, медициналық амбулатория және полиция пункті салынып жатыр.

Жүктелуде...