Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыстық көліктік бақылау инспекцияның көшпелі бақылау бекетімен бірлесіп, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Ордабасы ауданының Шығыс қақпасының тас жолында ауыр жүк көліктерінің ішкі тәртібіне заң аясында рейдтік жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген кешенді мониторингтік жұмыстардың негізгі мақсаты – ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату және жаңадан төселген тегіс жолдардың бұзылмауына жол бермеу.
Жүргізілген рейдтік жұмыстарына «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Әдиат, облыстық көліктік бақылау инспекцияның бөлім басшысы Б.Бауыржанұлы, «Ордабасы аудандық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ә,Баймаханова және облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері қатысты.
Рейдтік шара кезінде жалпы саны 17 аса ауыр жүк тасымалдаушы жүк көліктері тоқтатылып, артылған жүк пен тиесілі құжатының сәйкес болуы және заңмен бекітілген шамадан аспау керектігі жөнінде мамандар тарапынан жүк тасымалдаушыларға арнайы кеңес берілді.
Бақылау барысында жүк көліктерін арнайы таразыға салу арқылы жүктің салмағын бақылауға алып, нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарға әкімшілік 3 хаттама толтырылып, құны 125499 (жүз жиырма бес мың төрт жүз тоқсан тоғыз) теңге көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетсек, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарына сәйкес, ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату және жаңадан төселген тегіс жолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында осы уақытқа дейін Түркістан облысы аумағында Түлкібас, Арыс, Сайрам, Қазығұрт аудандарына рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу және жол жүру ережесін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жалғасын табатын болады.