Жаңалықтар

ҚР Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысындағы бірқатар емдеу мекемелерін аралады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысындағы бірқатар емдеу мекемелерін аралады

 width= ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Түркістан облысындағы бірқатар емдеу мекемелерін аралады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қазақстанның Бас дәрігері алдымен, Түркістан қаласында салынып жатқан 630 орындық көпсалалы облыстық аурухананың құрылысымен танысты. Жаңа ауруханада ота жасайтын 16 бөлме, 13 жоспарлы және 3 жедел медициналық көмек көрсету бөлімдері қарастырылған. 1500-ге жуық медицина қызметкері жұмыс істейтін болады. Құрылыс жұмыстарын 2022 жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ министр облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовпен Түркістан қаласындағы бірқатар емдеу мекемелерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Қалалық орталық емханада болып, ондағы жұмыс барысын бақылады. Емхана бір ауысымда 500 келушіге лайықталған. 900-ден астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында 18 мобильді топ құрылған. Емхананың базасында сондай-ақ, індетті анықтайтын вирусологиялық зертхана бар. Осы күнге дейін 40 мыңға жуық азаматтан сынама алынған. Емдеу мекемесі барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтпен де толық қамтамасыз етілген.