«Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі бес әйелі бар екенін жайып салды

12 Наурыз, 2019 2313 0

«Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі Нұрлан Әміров бес әйелі бар екенін айтып қойды. Оның ең кіші әйелі өзінен 20 жас жас кіші екен.

Бұл туралы әнші «Жетінші арнаның» «Өз ойым» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұрлан Әміровтың айтуынша, бүгінде оның 5 әйелінен 6 баласы бар. Әншінің сөзіне қарағанда, ол үш әйелімен айырылысыпты.

«Менің бес әйелім бар. Бір-бірімен араласады. Бірін-бірі біледі. Кішілері, тұрмысқа шығам дегендері шығып кетіп жатыр. Бірінші әйелім тұрмысқа кетті. Жібердім. Бір баламыз бар. Ол қазір келініммен бірге менің қолымда. Екіншісі де тұрмысқа кетті. Бір қызымыз бар. Үшіншісі менде. Төртіншісі де тұрмысқа кетті. Бесіншімен біргеміз», - дейді әнші.

Нұрлан Әміров тек үшінші әйелімен заңды некеге тұрғанын айтты. Ал ең кіші әйелі өзінен 20 жас кіші екен. Өз сөзінде ол әйелдерінің барлығын жақсы көргенін жасырмады.


дереккөз: stan.kz

 


Тегтер: әнші, жұлдыздар, шоу-бизнес, отбасы, тоқал

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.