Кентау қаласында жаңа балабақша ашылды

Кентау қаласында жаңа балабақша ашылды

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында мектепке дейінгі білім беру мекемесі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Конститутция күні мерекесі қарсаңында есігін айқара ашқан «Ақбота» балабақшасының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Б.Алимбетов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтады. 170 орындық жаңа балабақша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Заманауи талапқа сай етіп салынған балабақшада 7 топ жұмыс істейді. Сондай-ақ, 37 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Үш қабатты ғимаратта асхана, музыка залы, есепші және балаларға арналған бөлмелері бар. Мұнда балалардың жан-жақты дамуы үшін тиісті барлық жағдай жасалған. Айта кетейік, аталған балабақша карантин режиміне байланысты әрбір топ 15 баладан аспайтын кезекшілікпен жұмыс істейді.

Жүктелуде...