Еврей мұражайындағы шабуыл: айыпты өмірбақи бас бостандығынан айырылды

12 Наурыз, 2019 701 0

Backstage: Төрт адамның өлімінде айыпты деп танылған Мехди Неммуш Францияның оңтүстігінен алты күннен кейін құрықталды, одан  «ДАИШ»* лаңкестік ұйымының туына оралған Калашников автоматы тәркіленген.

Брюссель соты 12 наурызға қараған түні сейсенбіде төрт адамға оқ атып, өлтірген Мехди Неммушты өмірбақи бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Бұдан өзге сот істегі екінші фигурант Франция азаматы Насер Бендрерді қылмыс сыбайластықта айыптап, 15 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Deutchwelle агентоігінің ақпарына сәйкес 7 наурызда сот Франция азаматы Неммушты төрт адамның өлімінде айыпты деп тапқан еді.

2014 жылдың 24 мамырында Неммуш Бельгия астанасының орталығындағы Еврей мұражайына (Musee Juif) кіріп, төрт адамға оқ атқан. Үш адам оқиға орнында қаза тауып, біреуі емханаға ауыр жарақатпен жеткізіліп, көз жұмды. Неммуш Францияның оңтүстігінен алты күннен кейін құрықталды, одан  «ДАИШ»* лаңкестік ұйымының туына оралған Калашников автоматы тәркіленді.

Мехди Неммуш – түбі алжирлік француз. Бұған дейінгі бес жылын ұрлық жасағаны үшін абақтыда өткізген. Шабуыл жасағанға дейін Неммуш тергеу деректеріне сәйкес Сирия Араб Республикасының аумағынан Францияға келген, Сирияда «ДАИШ»* лаңкестік ұйымының тарабында соғысқан.

 

«ДАИШ»* - Қазақстан Республикасы аумағыда тыйым салынған лаңкестік ұйым.


Тегтер: мехди, неммуш, брюссель, әлем, жаңалықтар, криминал, оқиға

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.