Қай ағаштың басында отырған адамды таңдадыңыз?
Қай ағаштың басында отырған адамды таңдадыңыз?
Психологиялық тест.
Қазір өзіңізді осы ағаштың қай жерінде отырмын деп ойлайсыз?
Таңдадыңыз ба? Ендеше таңдаған ағашыңыздың қандай мағына беретінін оқыңыз.
№1, 3, 6, 7 сандарын таңдағандар кедергілерге көп кездесетін жандар, бірақ ешқашан өмірге өкінішін білдіріп, налымайды.
№ 2, 11, 12, 18, 19 – нағыз ұқыпты, әдепті адамдардың таңдаған саны. Жауапкершіліктері мол, сенуге тұрарлық жандар.
– № 4 – жетістікке жету жолында қанша жеңілсе де, соңынан нәтиже шығаратын шыншыл адамдар. Әсіресе, қыз балалар батыл келеді.
– № 5 – сіз ұялшақ, ұяң адамсыз. Ортада өзіңізді көрсетуге қысыласыз. Денсаулығыңызда кінәраттар бар, әлсізсіз. Бірақ өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз. Энергияңызды дұрыс қолдана біліңіз.
– № 9 – өте ақылды, байсалды жансыз. Адамдарға көмектескенді жаныңыз сүйеді. Мотивацияны жақсы бересіз. Кейбіреулеріңіз белді қызмет иегерісіз.
№ 13, 21 – үнемі оқшауланып жүресіз, бойыңызды мазасыздық билеп алған. Жалғыздық құдайға ғана жарасатынын біле тұра, қасыңызға ешкімді жуытпай жалғыз жүресіз. Бірақ сабырлы, төзімді, қиындыққа шыдай білетін жансыз.
– № 8 – оқуда озатсыз, бірақ тәкаппарлығыңыз көп жерде жеңілістерге алып келеді.
– № 10, 15 – у-шуды ұнатпайсыз. Бір қалыпппен, күнделікті бір іспен келе жатқан жансыз. Сізге өзгеріс керек. Кітап көп оқыңыз.
– № 14 – саяси жаңалықтарды көп қарайсыз, негатив көп айтасыз. Тынымсыз адамсыз, эмоцияңызды жасыра алмайсыз. Бірақ достыққа адалсыз.
– № 20 – көшбасшылық қасиетіңіз бар. Ортаңызда сыйлысыз, достарыңыз көп. Алайда отбасыңызға көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн.
– № 16 – махаббатта жолыңыз болмаған. Бірақ сезімге адал екеніңіз белгілі. Бар назарды өзіңізге аудартқанды ұнатасыз.
Дайындаған: Інжу ӨМІРЗАҚ