Педофил: кастрацияны тоқтатыңдар, жаным қатты қиналды
Педофил: кастрацияны тоқтатыңдар, жаным қатты қиналды

"Не дейін, қатты қиналдым, мұндайды жауыма да тілемес едім. Барлығынан кастрацияны тоқтатуды өтініп сұраймын, үйіме оралып, отбасын құрып, балалы болғым келеді. Оны тоқтатуды өтінемін! Инъекциядан кейін денеңнің ауыратыны соншалық, жүруің қиындайды, жалпы қорқынышты", - дейді сотталушы.Процедура бір реттік емес, препарат адам ағзасына оқтын-оқтын егіледі. Қазақстанда химиялық кастрация туралы заң 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Процедура сотталушыларға кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасағаны үшін тағайындалады.
"Мұнда аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейді. 78 адам кәмелетке толмағандарды зәбірлегені үшін отыр, оның екеуіне сот химиялық кастрация жазасын тағайындады", - дейді ИЧ 167/9 басшысының орынбасары Кахраман Әбубәкіров.Сот химиялық кастрация жасау жазасын Кастрация туралы заң күшіне енгеннен кейін қылмыс жасаған адамдарға ғана тағайындайды. Әдетте препарат әр үш айда бір егілуі керек. Егер процедура тоқтатылса, еркектік қуат қалпына келеді. Бұл дегеніміз, педофил балаларға қайта тиісе бастауы мүмкін.