Қырғызстандағы қақтығыс салдарынан бір адам қайтыс болды
Қырғызстандағы қақтығыс салдарынан бір адам қайтыс болды
Бішкекте болған толқулардың салдарынан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қақтығыста 590 адам зардап шеккен. Оның 150-і ауруханаға жатқызылса, 13-і жансақтау бөліміне жатқызылды. Еске салайық, Бішкектің орталығындағы Ала-Тоо алаңында парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы болғандар митингіге шықты. 5 қазандағы жағдай бойынша, бірінші орында "Биримдик" партиясы тұр (дауыстар әлі де өңделіп жатыр).
Бүгінде Қырғыз елінде жаппай тәртіпсіздіктер болып жатыр. Ақ үйге басып кіріп, Атамбаевты түрмеден босатты.