Жаңалықтар

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жұбайы қайтыс болды

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жұбайы қайтыс болды

 width= Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың жары қайтыс болды. Қаралы хабарды саясаткер Әміржан Қосанов естіртті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. "Әлем әдебиетінің классигі Әбе – Әбдіжәмил Нұрпейісов атамыздың үйіндегі Ажар апай 90 жасында өмірден озды. "Қан мен тер" романын оқыған, оқымаған барша ағайынға естіртіп жатқаным. Ұлы жазушының өмірлік серігі, Музасы болған апамыз белгілі ғалым, химия саласына, ел өнеркәсібіне елеулі еңбек сіңірген қайраткер еді. Дастарханынан талай дәм татып едік. Алдынан жарылқасын. Арты қайырлы болсын! Атамыз аман болсын! Жақында ғана ауруханадан шыққан ол кісіге қиын болып жатыр-ау...", - делінген Қосановтың facebook жазбасында.